Ақпарат министрі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды

20 Қараша 2019, 06:55
3029
Бөлісу:
Ақпарат министрі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ұлттық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрдің қабылдауына жазылу әлі де жалғасуда. Қабылдау 21 қарашада сағат 15.00-де басталады. 

Егер сізде біздің министрліктің құзыретіне қатысты сұрақ болса, сұрағыңызды министрге жеке қоя аласыз. Сонымен қатар, бұл күні, егер қаласаңыз, сізді салалық бөлімшелердің жетекшілері қабылдайтын болады. Кездесуге жазылу үшін 8 (7172) 74-04-98 нөміріне хабарласыңыз. Жазылу 20 қараша күні сағат 12.00-де аяқталады, – делінген хабарламада. 
Айта кетейік, аталған министрліктің басшылығымен кездесу мүмкіндігі тек осы жолы ғана болмайды. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде ақпарат және қоғамдық даму министрі мен вице-министрлері азаматтардың сұрақтарына министрліктің қоғамдық қабылдау бөлімінде жауап береді. Алдын ала тіркелу министрліктің ресми сайтында жүзеге асырылады.
Өзгелердің жаңалығы