Ақмолалық мемқызметшілер ізгі істер эстафетасын бастады

29 Қаңтар 2020, 09:52
1518
Бөлісу:
Ақмолалық мемқызметшілер ізгі істер эстафетасын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы: "Жақсылық жасау - әр адамның парызы" деген еді. Өзінің он төртінші қара сөзінде "Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ" деп, барша адамзатты адам болуға шақырған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Абайдың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде ізгі істер жасауға бағытталған "Мейірімділік жүректен" эстафетасын бастады.

Эстафета шеңберінде департамент қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін Көкшетау қаласында тұратын жалғыз басты тыл ардагерінің  ауласын қардан тазалауға көмек көрсетті.

Акциямен облыстың барлық мемлекеттік органдары қамтылады. Бұл ретте, қайырымды істерді жасауда ешқандай шектеулер жоқ. Эстафета шеңберінде мемлекеттік қызметшілер қан тапсыру, ауыр сырқатқа шалдыққан адамдардың емделуі үшін ақшалай қаражат аудару, ардагерлерге немесе аз қамтылған отбасыларға шаруашылық жағынан көмек көрсету, сәбилер үйіне ойыншықтар жеткізу, не болмаса қарт адамдарды автокөлікпен тегін жеткізіп салу сияқты кез-келген ізгі істі таңдай алады.

"Мейірімділік жүректен" эстафетасы Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілді.



Өзгелердің жаңалығы