Бас жаңалықтар
Ақмолалық кәсіпкерлер бизнесті ашық жүргізуді қалайды
11 Желтоқсан 2019, 23:19 2477

Ақмолалық кәсіпкерлер бизнесті ашық жүргізуді қалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің "Anticor ortalyǵy" сервистік орталығының алаңында облыстың ірі кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік кездесуі өтті. 

Басқосу "Protecting Business and Investments" жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған департамент басшысы Мұрат Төлеубаев бизнес-қауымдастық өкілдеріне сенім мен өзара ынтымақтастық үшін алғысын білдірді, сондай-ақ олардың бизнесін шенеуніктер тарапынан кез келген қысымнан қорғауға барынша жәрдемдесетін болады деп сендірді.

Департамент біздің өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асырудың кез келген сатысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық қолдау көрсетуге және сіздің заңды құқықтарыңызды тиімді қорғауға дайын. Өз кезегінде, бизнесмен мен инвесторлар бизнесін дұрыс жүргізуден және шенеуніктерді параға сатып алудан бас тартуы тиіс, - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Айта кету керек, бұдан бұрын жоба аясында департамент "Кокшетауминводы" АҚ, "Тыныс" АҚ, "Новопэк" ЖШС, "Камаз Инжиниринг" АҚ, "Бижан" ЖШС, "Намыс" ЖШС, "Көкшетау автобус паркі" ЖШС, "Нәтиже" сүт фабрикасы" ЖШС, "Виччи" ЖШС, "Сафди" ЖШС, "Пробилд" ЖШС, "СТ Жилстрой" ЖШС сияқты кәсіпорындармен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден астам 28 келісімге қол қойған.

Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылғандар қатарына "Айдабол Көкше" ЖШС, "Натур продукт" ЖШС, "Восток Моторс" ЖШС кәсіпорындарының инвестициялық жобалары қосылды. Олардың басшылығы әкімшілік кедергілердің алдын алуға және облыста оң іскерлік ахуал құруға үміт білдірді.

Барлық қызықтырған мәселелер мен өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі алдағы жоспарларды қарап және талқылай келе, кездесуге қатысушылар бірлескен қызмет туралы негізгі ережелер, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттемелері көрініс тапқан бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы алып жүру туралы келісімдерге қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, "Protecting Business and Investments" жобасының мақсаты - қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру, еліміздегі кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді шараларының бірі болды.



Фото: дереккөз
Загрузка...