Ақмолада сайлаушылардың 100%-ы офлайн дауыс берді

3 Қазан 2020, 17:43
1420
Бөлісу:
Ақмолада сайлаушылардың 100%-ы офлайн дауыс берді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында партия мүшелерінің 100%-ы дәстүрлі түрде қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс берді.

Өңірде 3 қазан күні таңертеңнен 14 сағатқа дейін бастауыш партия ұйымдарының базасында 248 дауыс беру учаскесі ашылды. Дауыс беру кабиналарына ноутбуктер орнатылды. 

Сайлаушыларға учаскелік есеп комиссияларының мүшелері кеңес беріп, бағдарламашылар техникалық қолдауды қамтамасыз етті. Өңірде барлығы 526 дауыс беру кабинеттері, 822 компьютер дайындалды, барлық техника дүниежүзілік желіге қосылды. 

3 қазанда сағат 14.00-ге дейін интернеті жоқ немесе дүниежүзілік желінің жылдамдығы әлсіз Астрахан, Есіл, Жарқайың және Жақсы аудандарында дауыс беру офлайн-форматта өтті. Осы елді мекендердің бастауыш партия ұйымдары базасында ашылған 9 дауыс беру учаскесінде 471 партиялықтар қағаз бюллетеньдер көмегімен дәстүрлі тәсілмен дауыс берді. 

Өңірде партиялық бақылау комиссияларының төрағалары партияішілік сайлау өткізу кезінде заң бұзушылықтар анықталмағанын айтады. 

Партиялық бақылау комиссиясының жанында партиялықтардан келіп түскен өтініштерге жедел ден қоятын мобильдік топтар жұмыс істейді. Ауданда 17 дауыс беру учаскесінде онлайн-дауыс беруді бақылауды кандидаттардың сенімді өкілдері қатарынан 30 бақылаушы жүзеге асырды. Оофлайн-учаскеде екі бақылаушы жұмыс жүргізді, - деп атап өтті партияның Жарқайың аумақтық филиалының ҚКП төрағасы, «Жарқайың» ЖШС директоры Виталий Камышанский. 
Ақмолалықтар маңызды дауыс беруге қатысу мүмкіндігін барынша жауапкершілікпен қабылдады. Қазіргі уақытта жалпы дауыс берген партиялықтардың 87% - ы тіркелген.



Өзгелердің жаңалығы