Ақмола: Жабай өзенінің суы қауіпті деңгейге жетті

7 Сәуір 2020, 21:00
1345
Бөлісу:
Ақмола: Жабай өзенінің суы қауіпті деңгейге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында ауа райы температурасының күрт көтерілуінен және жауын-шашыннан Жабай өзенінде судың деңгейі қауіпті деңгейге жетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, осының салдарынан Сандықтау ауданының Балқашин ауылында 2 тұрғын үйдің ауласын су басып қалды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері кешеден бері су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Өзен бетіндегі мұз қатпарлары жару жұмыстары жүргізілуде.
Су үйге кірген жоқ, ірге тасының деңгейінде. Жабай өзеніндегі судың қауіпті деңгейі 3,2 метр болса, қазіргі кезде судың деңгейі 3 метрге жетіп отыр, - дейді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.


Өзгелердің жаңалығы