Бас жаңалықтар
Ақмола облысының жас кәсіпкері көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
10 Сәуiр 2019, 22:43 566

Ақмола облысының жас кәсіпкері көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғалжын ауданында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, кәсіпкер, «Мирас-2000» ЖШС директоры Дәлел Жүзбаев көпбалалы әрі жалғызбасты ана Бақытгүл Қауысоваға пәтер сыйлады. Бұл туралы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жас кәсіпкер Дәлел Жүзбаев Қорғалжын ауданының тұрғыны, көпбалалы әрі жалғызбасты анаға 3 бөлмелі пәтер сыйға тартып, арманын орындап, үлкен алғысқа бөленді.

 Ол компьютерлік технологиялар саласында Кентукки (АҚШ) университетін бітірген. Жас маман тұтынушылар үшін онлайн режимінде өз жүктерін бақылауға арналған сайт құрастырған. Өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білген Дәлел 2013 жылы ҚТЖ-ның «Ең үздік бағдарламашысы» атағын жеңіп алады. 2012 жылы бидай өсірумен айналысатын ірі фермерлік шаруашылық бизнесті өз мойнына алады. Сондай-ақ, егін себуді, күзгі жиын-терім науқанын өзі атқарады.

Жас кәсіпкердің бастамасымен көптеген инновациялар енгізілді. Техникалық қондырғыларда GPS чиптерін қолданатын жабдықтар мен отынды мониторингілеу және бақылау жүйесі енгізілді, ауқымды алқапқа мәдени дақылдар  отырғызылды.

 

 

 

Загрузка...