Бас жаңалықтар
Ақмола облысының әкімі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
21 Наурыз 2020, 00:28 291

Ақмола облысының әкімі коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев облыс тұрғындарына коронавирус пандемиясына қатысты арнайы мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгiзiлдi. Мұндай шара елiмiзде тәуелсiздiк алғаннан берi алғаш рет қабылданып отыр. Бұл коронавирустық инфекцияның таралуын төмендету бойынша жасалған қадам. 

Осыған орай облыс әкімі коронавируспен күресу үшiн барлық медициналық ұйымдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi күшейтiлген тәртiпте жұмыс iстеп жатқанын айтты.

Елiмiзге коронавирустық инфекцияның енуiне байланысты Ақмола облысы аумағында вирустың таралуының алдын алу бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы хабарлағым келедi. Бiздiң маңызды мiндетiмiз – коронавирустық инфекция жағдайларын болдырмау және өңiрдегi тұрақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайды сақтау, – деді Ермек Маржықпаев.
Төтенше жағдай кезеңiнде азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сонымен қатар әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының жеткiзiлуiне және бағаны тұрақтандыруға басты назар аударылады. Iрi сауда объектiлерiнiң, ойын-сауық мекемелерiнiң және кейбiр қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң жұмысына уақытша шектеу енгiзiлдi.
Алайда барлық азық-түлiк дүкендерi, супермаркеттер, азық-түлiк базарлары санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейту арқылы күнделiктi режимде жұмыс iстейтiн болады, – деді облыс әкімі.

Сонымен бiрге, барлық кәсiпкерлердi, бағаның тұрақтылығын сақтау және халыққа қажеттi тамақ өнiмдерiн жеткiзу арқылы облысымыздың тұрғындарына, ең алдымен халықтың әлеуметтiк осал топтарына қолдау көрсетулерiн сұрады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...