Ақмола облысында жолда қалғандар құтқарылды

2 Желтоқсан 2019, 12:49
3505
Бөлісу:
Ақмола облысында жолда қалғандар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында көлігі істен шығып, жолда қалған түркиялық азаматты құтқарылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жүк тиелген көліктің жанармайы қатып, бірнеше сағат бойы жолда қаңтарылып тұрған.

Ақмолалық жол-патрульдік полиция экипажы күн сайын жолдарды бақылап, қиынға жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді. Бұл жолы "Екатеринбор – Алматы" тас жолының бойында, яғни, Целиноград ауданының Астраханка ауылы тұсында осындай оқиға орын алды. Полиция капитаны Азамат Сапарова және полицияның аға лейтенанты Асқар Игібаев республикалық автокөлік жолын бақылау кезінде жол шетінде тоқтап тұрған "Iveco" көлігін көздері шалады. Көлік жүргізушісінен мән-жайды сұрай келе, полиция қызметкерлері көліктің жанармайы қатып, тоқтауға мәжбүр болғанын анықтады. Жүргізуші мен екі көмекшісі Түркия азаматтары және жүк тасымалымен айналысады. Тәртіп сақшылары түркиялық азаматтарды өтіп бара жатқан өзге көліктерге отырғызып, елордаға жіберді. Ал өздері штелдік көлік пен ондағы жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Өзгелердің жаңалығы