Ақмола облысындағы өрт. Зардап шеккендер жоқ

13 Қыркүйек 2020, 12:13
1356
Бөлісу:
Ақмола облысындағы өрт. Зардап шеккендер жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының құтқарушылары Целиноград ауданында ірі өртті сөндірді. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше сағат 18.53-те Целиноград ауданы Ақмол ауылында «Экопак Астана» ЖШС-нің екі қабатты жеке тұрған ғимаратында 800 шаршы метр алаңда картон орама өндірісі бойынша өрт шығып, ғимараттың шатыры құлады.
Өрттің күрделілігі ғимараттың екінші қабатында картон қаптамалар өндірісі болды. Сағат 21.52-де өрт ауыздықталды. Сағат 01.10-да толықтай жойылды. Өртті сөндіруге Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Полиция департаменті, әскери бөлім және ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Электр желісіне қосылған тұрмыстық электр жылыту аспаптарын қалдыруға, бүлінген электр розеткалары мен қосқыштарды пайдалануға болмайды. 

Өрт туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101 және 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.
Өзгелердің жаңалығы