Ақмола облысында 11 жылқыны пойыз қағып кеткен

18 Ақпан 2020, 15:10
1419
Бөлісу:
Ақмола облысында 11 жылқыны пойыз қағып кеткен
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында пойыз 11 жылқыны қағып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

"Петропавл-Қызылорда" бағытындағы жолаушылар пойызының машинисті түн уақытында "Аршалы-Анар" аралығында 11 бас жылқыны қағып кеткен. 


Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде. Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс. Ағымдағы жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне малдың шығып кетуімен байланысты болған. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық факті бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда. Бүгінгі күні темір жол бойында мал жайған 70-тен аса адамға әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, 16 ақпанда сағат 01.38-де Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына "Торғай- Селеті" аралығында жүк пойызының машинисті темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шұғыл тежеу қолданылғанмен, 3 жылқыны қағып кетті. Осы дерек бойынша оқиға орнына Ерейментау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты. Көлік полицейлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі Ерейментау ауданының 42-жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1 бөлігі, яғни, ("Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы