Ақмола облысында орташа жалақы көлемі өсті

31 Шілде 2020, 21:08
2668
Бөлісу:
Ақмола облысында орташа жалақы көлемі өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 2 тоқсанда бір жұмысшының орташа атаулы еңбекақысы Ақмола облысы бойынша 170665 теңгені құрады және өткен жылғы тиісті тоқсанымен салыстырғанда 21,5% өсті, деп хабарлады облыстық статистика агенттігі. 

2020 жылғы 2 тоқсанда ең жоғары еңбекақы қаржы және сақтандыру қызметкерлеріңде тіркелген – 243419 теңге, бұл облыс бойынша орташа есепке қарағанда 1,4 есе жоғары. 

Ең төмен еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 97419 теңге. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы орташа облыстық көрсеткіштен төмен болып қалып отыр. 
Мысалы, 2020 жылғы 2 тоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінде – 161811 теңге болды, бұл орташа облыстық деңгейден 5,2% есе төмен. Еңбекақы орташа облыстық деңгейінен жоғары Целиноград ауданында – 199808 теңге, Зеренді ауданында – 192495 теңге, Степногорск қ.ә. – 184420 теңге, Көкшетау қ.ә. – 172626 теңге, Бурабай ауданында – 172626 теңге. Ең төмен еңбекақы Қорғалжын ауданында – 134550 теңге, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы