Ақмола облысында оныншы "Сервистік әкімдік" ашылды

16 Мамыр 2020, 07:31
1954
Бөлісу:
Ақмола облысында оныншы "Сервистік әкімдік" ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Жақсы ауданында "Сервистік әкімдік" ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Өңірдегі оныншы әкімдіктің ашылуына аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров және Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің алдын алу және парасат басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов қатысты.

Ведомствоның мәліметінше, жұмыстың жаңа форматы азаматтарға сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік сала және басқа да мүдделі мәселелер бойынша бір жерде қызметтер мен консультациялар беру болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет транспаренттілік қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл форматына көшуі бойынша осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізуде. Мәселен, "Сервистік әкімдіктерді" ашу арқылы жергілікті атқарушы органдар адамдар үшін қолжетімді және ашық болады, бұл халықтың билікке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста 9 ұқсас ашық кеңістік жұмыс істейді, жұмыс жалғасуда, - деді Бақытжан Әмірханов.

Өзгелердің жаңалығы