АӘК көбейе ме?

3 Шілде 2020, 12:39
1676
Бөлісу:
АӘК көбейе ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен онлайн брифингте атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтып берді.

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері тікелей кедейлік шегіне байланысты. Осы тоқсанда кедейлік деңгей шегі 2 мыңға өсті. Ол 25 257 теңге болып тағайындалды. Әр отбасының жағдайы әртүрлі. Бекітілген көмектің сомасы жоқ. Табысына, жұмысына, отбасы мүшелерінің санына байланысты тағайындалады, - деді ол. 

Данияр Әлкебекұлы айтып өткендей, АӘК 18 жасқа дейінгі балалардың құжатын ата-анасы өткізетінін айтты. 

Бұл - бір отбасыға тағайындалатын көмек түрі. Көпбалалы отбасыларға биыл әр балаға 10 600 теңгеден төленеді. ЖОО-да оқитын балалар болса, 23 жасқа дейін төленеді. Ол көмектер жайлы әлеуметтік әл-ауқат басқармасынан, тиісті сайттардан білуге болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы