Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі Алматы меншігіне қайтарылды

13 Қазан 2021, 14:48
10268
Бөлісу:
Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі Алматы меншігіне қайтарылды

Алматы, BAQ.KZ. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады.

Жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев А. Байтұрсынұлының мұражай-үйіне барды. Қала әкімі мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады, - деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.
ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш.м.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Мұражайда А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық материал сақталған.

Өзгелердің жаңалығы