Бас жаңалықтар
Ақан Сатаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан фильмдерді атады
12 Сәуiр 2019, 15:15 729

Ақан Сатаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан фильмдерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Режиссер Ақан Сатаев еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіріліп жатқан тарихи кинокартиналар туралы айтты.

«Жаңа ғана үлкен жиын болды. Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жоспарларымыз бен проблемаларымызды талқыладық. Алдымызда үлкен жұмыс тұр. Оның нәтижесі бірден көрінбеуі мүмкін. Дегенмен оның нәтижесін кез келген қазақстандық көрсете алады. Өзіміздің бай тарихымыз бен мәдениетімізді бағалай отырып, алға қарай жылжу керек. Яғни, өткенге көз жүгірте отырып, рухани құндылықтарды бойымызға сіңіре аламыз. Әр адам мемлекеттен күтпей, өзі де бір нәрсе беруге тырысу керек. Сонымен қатар, кинематограф кез келген ұлттың мәдени идеологиясында маңызды рөл атқарады. Тек кино емес екенін білеміз, дегенмен қазір адамдарға оқығаннан гөрі көзбен көрген, қараған оңай. Сондықтан біз тарихи фильмдерді түсіріп жатырмыз. Қазір біз «Тұмар» кинокартинасын дайындап жатырмыз. «Қазақ хандығы», «Қасым хан» және Мәдениет министрлігі бірнеше жоба әзірлеп жатыр», - деді  Ақан Сатаев Ақордада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысынан кейін.

Комиссия отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин екі жыл ішінде қоғамдық және тарихи сананы жаңғыртуды басты мақсат еткен ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. 

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық