Ақтөбе облысында суармалы жерлер 100 мың гектарға дейін ұлғаяды

13 Қараша 2019, 12:30
2662
Бөлісу:
Ақтөбе облысында суармалы жерлер 100 мың гектарға дейін ұлғаяды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде азық-түлік қауіпсіздігін суармалы жерлер аумағын ұлғайту, жаңа инновациялық жобаларды енгізу, өнімді қайта өңдеу үлесін өсіру және "ақылды" технологияларды енгізу есебінен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді.
2019 жылдың басынан бері ақтөбелік шаруалар 199,9 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Еңбек өнімділігі бір адамға 1,4 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының әлеуеті өте үлкен, алайда, осы саланың өңір экономикасына қосатын үлесі 5%-дан кем. Біз алдымызға бірқатар міндет қойып отырмыз. 2025 жылға қарай ірі қара мен ұсақ мал басын  үш есе көбейтуге, яғни ірі қара малды 464 мыңнан 1,4 млн-ға дейін, ұсақ малды 1,1 –ден 3,4 млн-ға дейін көбейтуді, облысқа 440 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелуді, үш жылдың ішінде құс еті тапшылығын жоюды жоспарладық. Қазіргі таңда біз етті Ресейге, Өзбекстан мен Иранға экспорттап отырмыз, келешекте көлемін айтарлықтай арттырып, басқа елдерге де, соның ішінде БАӘ-де жеткізу жоспарда бар. Осы міндеттерді шешу үшін жемшөп қорын қарқынды түрде көбейту керек, - деді Оңдасын Оразалин.
про.jpg

Осыған байланысты өңірде суармалы жерлер алаңын 3,5 есе немесе 100 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 
Бұл өнімділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Облыстың су ресурстарының әлеуетін көтеру мақсатында 32 су қоймасы салынады - дейді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы