"Дүниежүзі аруы – 2019" атағы ОАР аруына бұйырды

9 Желтоқсан 2019, 11:32
2992
Бөлісу:
"Дүниежүзі аруы – 2019" атағы ОАР аруына бұйырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасы атынан қатысқан 26 жастағы Тунци әлемнің 90 елінен келген қатысушыдан үздік шықты, деп хабарлайды байқаудың ресми сайты.

Зозибини Тунци гендерлік ерекшеліктер мен стереотиптер негізіндегі зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, осы бағытта белсенді жұмыс атқарып келеді.

Байқау жеңімпазына жаңадан жасалған арнайы тәжді 2018 жылғы "Дүниежүзі аруы" Катриона Грэй (Филиппин) сыйлады. Сән сайысының марапаттау рәсімі АҚШ-тың Атланта қаласында өтті. 

Байқауда екінші орнынды 24 жастағы Мэдисон Андерсон (Пуэрто-Рико) иеленсе, 25 жастағы мексикалық София Арагон үшінші орын алды. 

Айта кетейік, бір апта бұрын басталған "Дүниежүзі аруы" байқауына Қазақстан атынан 18 жастағы Альфия Ерсайын да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы