Ұшақ құлаған Алматы әуежайы маңында жер учаскелерін бергендерді тергеу басталды

10 Қаңтар 2020, 15:49
137902
Бөлісу:
Ұшақ құлаған Алматы әуежайы маңында жер учаскелерін бергендерді тергеу басталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласының әуежайы маңындағы жер учаскесін заңсыз бергендерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді.

Бүгін ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша құрылған үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамдары айтылған болатын. Жиын барысында вице-премьер жер учаскесін заңсыз бергендерге байланысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті. 
Әуежай аумағындағы заңсыз құрылыс салғандарға келетін болсақ, Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жер учаскесін заңсыз бергендерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастап кетті. Бұл аумақ Алматы облысының Талғар ауданына қарайды. 2015-2019 жылдары Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, оның ішінде тұрғын үй құрылысын салу үшін әуежайдың санитарлық қорғау аймағында жер учаскелерін беру туралы заңсыз шешім шығарғаны анықталды, - дейді Роман Скляр. 

Айта кетейік,  27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Алматы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшпақ болып, әуежайдан шамамен екі шақырым жерге құлаған болатын. Ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты. Мемлекет башсысы 28 желтоқсанды  Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.
Өзгелердің жаңалығы