Бас жаңалықтар
Әйгілі режиссер Тарантино 56 жасында әке атанды 
23 Ақпан 2020, 17:05 291

Әйгілі режиссер Тарантино 56 жасында әке атанды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 56 жастағы америкалық режиссер Квентин Тарантиноның 36 жастағы жары израильдік Даниэла Пик ұл тапты. 

Нәресте Тель-Авивтегі "Ихилов" ауруханасында дүние есігін ашты. Бұл туралы Vesty.co.i сайтында хабарланды.

Тарантино мен Пик 2018 жылы қарашада ресми түрде отау құрды. Екеуі де бірінші рет үйленген. 2020 жылы қаңтарда режиссер әйелінің Израильде жүктілік қалай өткенін айтқан болатын. 

Осындағы өмірім тамаша. Даниэла үйде және бұл керемет. Біз баланы күтеміз, жарымның қуанышында шек жоқ. Мен оған бір қарап-ақ өзімді бақытты сезінемін. Күндіз мен кабинетте кітап жазамын, Даниэла түскі ас дайындайды. Содан кейін біз бірге тамақ ішеміз. Кешке кешкі ас, содан кейін теледидар көреміз, не басқа іспен айналысамыз. Сосын ұйықтаймыз. Кейде мен кабинетке ораламын, біраз жазамын да жұбайымның жанына барамын. Білесіз бе, мен ешқашан болмаған қарапайым өмір сүріп жатырмын. Қарапайым әрі нақты өмір. Мен бақыттымын, - дейді Тарантино. 

Айта кетейік, 2009 жылы Тарантино Тель-Авивке "Бесславные ублюдки" фильмінің әлемдік жарнама турында дүниежүзілік танымал режиссер мен Израиль әншісі арасында сезім пайда болған еді.


Фото: дереккөз
Загрузка...