Жаңа жылға 15 минут қалғанда олимпиада чемпионы қаза тапты. Қалай?

2 Қаңтар 2019, 13:10
4300
Бөлісу:
Жаңа жылға 15 минут қалғанда олимпиада чемпионы қаза тапты. Қалай?

Алматы, baq.kz. Сhampionat.com порталына Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов туралы мақала жарыққа шықты. Мақала авторы боксшының шеберлігі жайлы баяндай келе оның жұмбақ өліміне де тоқталған.

Чемпион жаңа жылдық дастарханға зымырап келе жатты, алайда жантүршігерлік жол апатынан қаза болды. Оны жүлделік үлесін ала алмаған бандылар ұйымдастырды ма?
 

 

Жаңа жылға 15 минуттай қалған. Елінің қаһарманына айнала білген 20 жастағы жігіт жүрісін үдете түсті. Ол мерекелік кешті достарының ортасында қарсы алуды аңсаған еді. Осыдан ек сағат бұрын оны туған қаласының орталық алаңында ұлықтаған еді. Шара бітісімен ол анасын құшағына басып құтықтап, 150 шақырымдық жолға аттанады.
Бокс тарихындағы ең жас олимпиада чемпионына мерекелік үстелге отыруға бұл жолы тағдыр жазбаған екен. Спортшы қысты күнгі жолда көлік тізгінін басқара алмай жол апатына ұшырады. Елдің сүйікті спортшысына айналған Бекзат апат орнында көз жұмды. Спорттық мәнсабындағы басты жеңісінен кейін ол бар жоғы үш-ақ ай өмір сүрді.
Айналасындағылар шампан атып, бір-біріне ақ тілектерін жаудырып жатқан сәтте жас спортшының өмірі қиылған еді.
Әйгілі спортшының өлімін көптеген БАҚ жұмбақ әрі құпия деп мәлімдеді. Боксшы жүлделі сыйлығын бөліскісі келмегендіктен апатты қандайда бір қарақшылар ұйымдастыруы мүмкін деген де нұсқалар жазылып жатты. Жанында тірі қалған куәгерлердің үнсіздігі мен ресми мәліметтің болмауы осындай екіұшты ойлардың шығуына әкелді. Дегенімен, 18 жыл өткен соң Бекзаттың көптеген достарымен таныстары адам өлімімен аяқталған жол апаты ешкімнің көмегінсіз, тағдырдың жазуымен болды деген ойда.
Қазір Түркістандағы спортшы тұрған ықшам ауданға және бірнеше спорттық мектепке Бекзат Саттархановтың аты берілген. 2007 жылдан бері балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы атындағы турнир өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы