Елордалық "балалар ауылында" 68 бала тұрады

4 Қараша 2019, 20:00
7203
Бөлісу:
Елордалық "балалар ауылында" 68 бала тұрады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордалық тілшілер "SOS Астана балалар ауылына" саяхат жасады. "Н.Ә.Назарбаевтың Білім Қоры" ҚҚ мен "Қазақстанның SOS Балалар ауылдары" қорының ұйымдастыруымен "SOS жобасының әлеуметтік маңыздылығы" тақырыбында пресс-тур өтті. 

IMG_4625.jpg

Баспасөз-турының алдында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісіне Парламент Мәжілісінің депутаты, "Қазақстанның SOS Балалар ауылдары" КҚ қамқоршылар кеңесінің мүшесі Серік Сейдуманов, "Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры" ҚҚ өкілі Майраш Тайкенова, "SOS Астана Балалар ауылы" ҒБМ директоры Зәуреш Арыстанова, SOS-аналар, SOS-жұптар, балалар және балалар ауылының түлектері қатысты. 

IMG_4668.jpg

SOS балалар ауылы дегеніміз не? Бұл – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ұзақ мерзімді отбасылық қамқорлық бағдарламасы. Отбасы басында кәсіби дайындалған, балдырғандар мен бүлдіршіндерді сүйетін, қамқор SOS - ана болады. Әрбір жанұяның 4-6 бала сол анасымен бірге тұратын жеке үйі бар. Балалар қарапайым қалалық мектептерге барып білім алады, үйірмелерге қатысады. 

IMG_4634.jpg

Бұл орайда, "SOS Астана балалар ауылы" кадр бойынша үйлестірушісі Шолпан Мантаеваның пікірін білген едік.

SOS – отбасы мен SOS-жұптың айырмашылығын айтып өтейін. SOS-жұп – бұл біздің 2017 жылдан келе жатқан пилоттық жобамыз. Яғни, өзінің балалары бар әке мен шеше. Медициналық тұрғыдан мақұлданса, бала асырай аламын деп бізге келеді. Бала толыққанды жанұя жағдайында өсу үшін әкенің махаббатын, ер-жігіттің тәрбиесін көру үшін қажет. Негізі, біздің балалар 19 жыл бойы тек ананың тәрбиесінде болып келді. Енді, осындай өзгеріс енгіздік. Бір үйде 5-6 бала тәрбиеленеді. Ол балалар ағайындас бауырлар немесе ата-аналары бөлек болуы да мүмкін. Бізде бір жағдай орын алып, SOS-ана қатты науқастанып, көз жұмған еді. Сол кісінің қызы "анамның жолын қуамын" деп осы жолда жұмысын жалғастырып келеді. Олар пайдам тисе, көмек берсем деп өмір сүреді. Яғни, мейірімді жандар ғана осындай қызметке өз еркімен келіп, бөтен балаларға туған анасындай қамқорлық ете алады, - дейді Шолпан Мантаева.

IMG_4707.jpg

Айта кетейік, кейбір балалардың әке-шешесі әлеуметтік жағдайына байланысты, оларды асырай алмағанда, я болмаса тәрбие беріп, өсіре алмаса өз еркімен бас тартады екен. Ал, енді кейбір ұл-қыздардың ата-анасы түрмеде қылмысы үшін жазасын өтеп жатуы да мүмкін. 

IMG_4690.jpg

Осындай қиындыққа тап болған бүлдіршіндер "балалар ауылында" тәрбиеленіп, білім алады. Өсіп-жетіледі. Мұның бәрі тегін іске асырылады. Яғни, тікелей мемлекеттік қолдаудың, демеудің арқасында жұмыс істейді. 

IMG_4698.jpg

Елордалық балалар ауылының ашылуы 2000 жылы өткен болатын. Салтанатты рәсімге Елбасының өзі қатысып, тұсауын кескен. Сол кезде 31 бала алғашқы ауыл тұрғындары болған еді.

IMG_4664.jpg

Бүгінде "балалар ауылында" 12 үй бар. 11 жанұя балалар қалашығында тұрса, 1 отбасы – қалалық пәтерде тұрады. Онда 68 бала мен жасөспірімдер қамқорлыққа алынған. 49 бала – отбасыларда, ал 19 жас – Жастар үйінде. 

IMG_4646.jpg

"SOS Қазақстанның балалар ауылдары" корпоротивтік қоры 1994 жылы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен құрылған. Балалар ауылында балаларға қамқорлық сапа стандарттарына және баланың мүддесіне сәйкес жүзеге асырылады. Биыл ұйымның құрылғанына 25 жыл толады. 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры "Қазақстанның SOS Балалар ауылдарының SOS Childrens Village International австриялық ұйымымен бірге құрылтайшысы болды. Алғашқы балалар ауылдары 1949 жылы соғыс кезінде үйсіз-күйсіз қалған мыңдаған балалар үшін Австрияда құрылды. Кейінірек, бұл әлеуметтік бастама бүкіл Еуропада қолдау тауып, әлемге таралған. Биыл сол "SOS Kinderdorf International" халықаралық қоғамына 70 жыл толып отыр, - дейді Білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Раиса Шер. 

IMG_4677.jpg

SOS Астана балалар ауылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық етеді. Яғни, қиын жағдайға тап болған отбасыларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, балалары бар SOS отбасыларға көмектесетін отбасын қолдау орталығы.

Өзгелердің жаңалығы