Қасымбек Қазақстан-Қытай компанияларында қанша қазақстандық азаматтың еңбектенетінін айтты

5 Қыркүйек 2019, 12:39
1965
Бөлісу:
Қасымбек Қазақстан-Қытай компанияларында қанша қазақстандық азаматтың еңбектенетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен брифинг барысында осындай мәліметімен бөлісті.

«Бүгінгі күні бізде Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасы бар. Біз оларды Индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. 55 жобаның 15-і экономиканың әртүрлі секторында іске қосылды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай-газ, көлік және логистика мен басқа да секторлар бар. Жалпы 15 жоба құны - 3,9 млрд АҚШ доллары. Қазіргі күні осы 15 жобада 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Жұмыс істеп жатқандардың 95 пайызы – Қазақстан азаматтары», - деді Жеңіс Қасымбек.

Вице-премьердің айтуынша, бұл жобалардың қатарында «Сарыарқа автоөнеркәсіп» компаниясы бар. Қазіргі таңда аталған зауытта 100 пайыз Қазақстан азаматтары жұміс істейді. Сонымен қатар, Тайыншамай, Босшакөл, Ақтоғай жобаларында да толығымен қазақстандықтар жұмыс істеп жатыр екен. Қасымбектің мәліметінше, биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылмақ. Жаңа жобалар қатарында Алматыда ашылатын құбыр шығаратын зауыт бар.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары еліміздегі қытайлық компаниялардың үлесін атаған болатын.


Өзгелердің жаңалығы