Өскеменде жұмыс жәрмеңкесі өтеді

18 Маусым 2019, 12:01
2001
Бөлісу:
Өскеменде жұмыс жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде облыстық деңгейдегі тұрғындарды жұмыспен қамту жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Алтайньюс.

"Жәрмеңкеге: Өскемен, Семей, Риддер, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданындағы ірі кәсіпорын өкілдері шақырылды.
Бос орындар жәрмеңкесі 21 маусым күні, Серікбаева, 19 мекен-жайы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өтеді. Жәрмеңкеге 70-тен астам жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылады", - делінген таратылған ақпаратта. 
Өзгелердің жаңалығы