Түйе шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер: Мал бар жерде береке бар

14 Қазан 2019, 20:15
6064
Бөлісу:
Түйе шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер: Мал бар жерде береке бар
Фото: автордан

Әр кезеңнің өз қозғаушы күші бар десек, бүгінгі жаңа заманның кілтін қолына ұстаған жастар білімді, білікті әрі қабілетті. «Жас келсе іске» демекші, кәсіптің көзін тауып, ісін өрге сүйреген жастардың саны жыл санап артып келеді. Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылған «Еңбекқор жастар» жобасы бойынша Түркістан облысы Отырар ауданы Бесторанғыл ауылында тұратын Ахметов Нұрсейітпен сұхбаттасып, ашқан кәсібінің мән-жайына қанық болдық.

̶ Түйе шаруашылығы қаншалықты тиімді?
̶ Түйе шаруашылығы жалпы көнеден келе жатқан атакәсібіміз деп айтар едім. Өйткені, біздің шаңырақта бұған дейін әкем, оның алдында атамыз малдың осы түрімен айналысқан еді. Бүгінде мен де бұл істен ажырамай жалғастырып келемін. Ал түрт түлік малдың ішінде неліктен түйе асырауға бет бұрғанымызды айтар болсам, түйе малы аса шығыны жоқ, жайлы болып келеді. Бүгінде 50-60 түйе бағып отырмын. Оның сүті сұранысқа ие. Бұл шаруашылықпен айналысып келе жатқаныма 8 жылға жуық уақыт болды. Негізімен түйенің сүтін сатумен айналысамын.
̶ Қолда бар түйеңізден қанша литр сүт алып отырсыз?
̶ 60-қа жуық түйенің барлығын саумаймын. Жылына 12-15 түйені саусақ, соның сүті жеткілікті. Жалпы жаз мезгілінде сүттің көлемі 100 литрге дейін шығады. Қысқа қарай 40-50 литр-ге дейін азаяды. Түйелерге жем-шөп бермейміз. Далада жайылымда жүреді. Қыс қатты болған кезде шөп береміз.
 Бүгінгі күні қымыран ауданға тамшы болып отыр. Баршамызға, аян той-жиын болса, алдымен дастарханға қымыран, шұбат қойылады. Сондықтан сұраныс жоғары. Қасымдағылардың бағасынан 50 теңгеге төменге сатамын. Менің қойып отырға бағам литріне – 400 теңге.
 Бұл кәсіпті толықтай отбасылық кәсіп деп айтуға болады. Мамам екеуміз сатамыз. Келіншегім және ағам мен оның әйелі түйе сауады.
 ̶ Кәсібіңіді кеңейту үшін несие алдыңыз ба?
 ̶ Жоғарыда айтып өткенімдей жылда 15 түйе сауатынбыз. Биыл қолда бар түйелім сатылып кетті де, орнына түйе алу керек болды. Сол үшін саууға арналған 5 түйе сатып алдым. Несиені қаржылай қолдау қорынан алдым. Алдымен «Бастау-бизнес» курсын 1 ай оқыдым. Алғам несие көлемі – 3,5 млн теңге. Несиені 6 пайызбен берді. Бұны 5 жыл төлеймін.
 ̶ Жоспарсыз кәсіпкер болмайды ғой. Сіздің болашаққа жоспарыңыз қандай?
 ̶ Болашаққа жоспар көп. Түйе шаруашылығына қосымша, жылқымен де айналыссам ба деген арманым бар. Оның өзінде малды бордақылап, сосын сойып, етін сату тиімді деп ойлаймын.
̶ Өзіңіз сияқты жастарды малшаруашылығымен айналысуы үшін нені меңгеруі керек деп ойлайсыз?
̶ Мал біздің атакәсібіміз. Одан қашудың қажеті жоқ. Мал баққан озған заман. Өйткені, мал бар жерде береке бар. Екі қолына бір күрек таба алмай жүрген жастарымыз ауылға келіп, шаруа қожалықтарында малмен айналысудың қыры мен сырын меңгеретін болса, өздеріне ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын тәжірбе жинайтын еді. Сол арқылы өз кәсібін ашып, мал басын көбейтуге болар еді. Бүгінгі саналы жастар қала жағаламай, ауылдан еңбектің көзін табуға толық мүмкіндік бар. Әр нәрсе қарым-қабілетке, талап-тілекке байланысты.


Өзгелердің жаңалығы