Ли Си Хен: Біз үшін Қазақстанның ядролық қауіпсіздік идеясы ерекше

4 Сәуір 2019, 17:12
2184
Бөлісу:
Ли Си Хен: Біз үшін Қазақстанның ядролық қауіпсіздік идеясы ерекше

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев Korea Foundation президенті Ли Си Хенмен кездесті.

Ли Си Хен: Біз үшін Қазақстанның ядролық қауіпсіздік идеясы ерекше

Тараптар Тұңғыш Президент Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты, сондай-ақ Korea Foundation үкіметтік емес ұйымымен бірлесе «Корей түбегін денуклеаризациялау. Жаһандық мәселелерді шешудегі Қазақстанның антиядролық тәжірибесі» тақырыбында жуырда өткізген халықаралық дөңгелек үстел бойынша өз ойларымен бөлісті.

Ли Си Хен: Біз үшін Қазақстанның ядролық қауіпсіздік идеясы ерекше

«Бізді Кореяның білім беру, денсаулық сақтау салаларына қатысты инновациялары мен жаңа технологиялары қызықтырады. Қорларымыздың арасындағы нәтижелі қарым-қатынас дарынды жастарды қолдауға және адам капиталын дамытуға бағытталған жұмысты жетілдіруге көмектеседі», - деді Әсет Исекешев.

Ли Си Хен: Біз үшін Қазақстанның ядролық қауіпсіздік идеясы ерекше

Екі жақ басшылары меморандумда көрсетілген бірлескен жобаларды талқылап, оларды іске асыру үшін дайын екендерін білдірді.

«Сіздердің Қорларыңыздың жұмыс бағыттары, сонымен қатар елдің жалпы қарусыздану мен ядролық қауіпсіздік идеясын таратудағы жұмысы қызуғышылық тудырады», - дейді Ли Си Хен.

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Korea Foundation келісімге келген еді. Меморандум адам капиталын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуді көздейді, сонымен қатар инновация, жаңа технологиялар, ақылды экономика мен әлеуметтік даму саласындағы корей институттарымен және компанияларымен серіктестік орнату мақсатында жасалған.  

Кездесу соңында елорда қонақтарына Назарбаев орталығы таныстырылды.
Өзгелердің жаңалығы