Қазақстандықтар 120 мыңнан астам ескі көлік тапсырды

21 Қараша 2019, 11:08
1759
Бөлісу:
Қазақстандықтар 120 мыңнан астам ескі көлік тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына бүгін 3 жыл. Осы аралықта екі бағдарлама бойынша 121 477 автокөлік тапсырылды. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5 млрд теңге қаражат төленді, деп хабарлады ӨКМ операторының баспасөз қызметі.


Сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданды. Табысталған сертификаттың 38 528 отандық өндірушіден 20 646 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылды.
Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеді, - делінген ақпаратта.
Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту. Және де қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфроқұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.  
   



Өзгелердің жаңалығы