Ірі қара мал терісін сыртқа шығаруда жаңа ережелер қолданылады

7 Тамыз 2019, 16:30
2539
Бөлісу:
Ірі қара мал терісін сыртқа шығаруда жаңа ережелер қолданылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп "Қарапайым заттар экономикасы" аясында қаржыландыру бағдарламасын, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бюджеттік шығындарды болдырмау, экспортты реттеу, қосылған құны жоғары өндірісті дамыту, сол себепті салық аударымдарын ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында, сондай-ақ терілердің автомобиль көлігімен кедендік баж салығын есепке алмай және төлемей әкетілетіндігін ескере отырып, 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі Жол картасының 1-тармағында ҚР аумағынан ІҚМ өңделмеген терісін автомобиль көлігімен шығаруға тыйым салу көзделген.

2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша басым жобаларды несиелеу тетігі шеңберінде екінші деңгейдегі банктер жеңіл өнеркәсіп саласында 2,8 млрд теңге сомасына 14 жобаны мақұлдады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дайындау желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде шикізат дайындаушыларды және былғары кәсіпорындарын қаржылық қолдау мәселесі пысықталуда. 2019 жылдың 1 мамырында жеңіл өнеркәсіпте 1025 кәсіпорын жұмыс істеді, оның 96%-ы шағын кәсіпорындар, олардың тізімдік саны 13 мың адамды құрайды. ЖІӨ-дегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1%-ды, өнеркәсіпте –0,4%-ды, өңдеу өнеркәсібінде –1%-ды құрайды. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі шығаратын өнім құрылымында: 51% – тоқыма бұйымдарын өндіруге келеді, 38% – киім өндіруге, 11% - былғары және оған жататын өнім өндірісіне", - делінген таратылған ақпаратта.

2019 жылдың қаңтар-маусымында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 16,7%-ға өсті. Өсу көрсеткіштері мақта талшығы (280,6%), дайын тоқыма бұйымдары (109%), сыртқы киім (246,4%) өндірісін ұлғайту есебінен тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінде байқалады.

Өзгелердің жаңалығы