Бас жаңалықтар
Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері комикс жанрында сөйледі
PHOTO
08 Қараша 2019, 16:32 765

Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері комикс жанрында сөйледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Оқушылар сарайында "Қазақ ертегілері мен аңыздары комикс жанрында" атты көрменің ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты қазақ ертегілері мен аңыздарының желісін түрлі-түсті суреттермен комикс жанрында көрсету, комикс жанры арқылы ертегі мен аңыздардың тәрбиелік маңызын түсіндіру.

мак5.JPG

Комикс жанры арқылы ертегінің сюжеті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндалады. Осылайша балалар қазақ ертегілері және аңыздарымен жақынырақ танысады.

мак11.jpg
Бұл жоба арқылы балаларға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық тәрбие беру, комикс жанры арқылы ертегі мен аңыздардың тәрбиелік, көркем эстетикалық, әдеби қазына екенін көрсету. Яғни комикс жанры арқылы ертегінің сюжетін барынша тартымды етіп,  баяндау, қазақ ертегілері мен аңыздарын оқып түсіну, талдау жасау, суреттеме арқылы қазақ мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру, - дейді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.
мак1.JPG

 Бала қиялынан туған суреттер сан-түрлі.

мак10.jpg
Бала қиялы әрқашан еркін, ой - арманы шексіз екені белгілі. Осы жинаққа енген Оқушылар сарайындағы бейнелеу өнері бөлімінің тәрбиеленушілерінің комикс жанрында салған ертегі суреттері таң қаларлық ой-жоспармен, бояулармен, бейнеленген эмоциялармен көңіл күйдің әр алуандығымен ертегілер еліне енгендей сезім тудырары анық. Бұл суреттер арқылы қазақ ертегілері мен аңыздарының сюжеттерін түрлі-түсті суреттермен комикс жанрында көрсету, ертегілер мен аңыздардың мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлер әлемінің бейнесін көрсету, балаларға Отанға деген сүйіспеншілік, қазақ халқының мәдениеті мен әдет ғұрпын үйрету мақсатында жоба іске асырылды, - деді Оқушылар сарайының басшысы.
мак9.jpg

 Бөлім жетекшісі көрме оқушылар арасында қазақтың ертегілері мен аңыздарына деген үлкен қызығушылығын тудырғанын айтты.

мак2.JPG
Бейнелеу өнері бөлімінде қолға алынған бұл жобаға 100-ден аса оқушы қатысты. Оған балалар сурет, ағаш өнері, сәндік-қолданбалы өнер бойынша қатысты. Осы орайда "Қазақ ертегілері мен аңыздары комикс жанрында" атты тақырыпта кітап шығарып жатырмыз. Кітап балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл болашақта үлкен жобаға айналады деп сенеміз, - деді Оқушылар сарайының бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі Гүлнар Смағұлова.
мак8.jpg

Жобаға қатысушы балалар көптеген қалалық, республикалық, халықаралық байқау жүлдегерлері.

мак14.jpg

сур2.jpg

мак6.jpg


       


Фото: автордан
Загрузка...