Бас жаңалықтар
АХҚО-мен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз – қытайлық сарапшы
01 Шілде 2020, 15:31 153

АХҚО-мен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз – қытайлық сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз, деді Қытай Халықаралық экономикалық және сауда төрелік комиссиясының (cietac) вице-президенті Чжао Джиан онлайн өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында.

Біз АХҚО-мен серіктестігімізді бағалаймыз. Қазақстандық ұйыммен тек біздің елдер арасында  ғана емес, халықаралық елдер бойынша арбитражды қамтамасыз ету негізінде ынтымақтастық орнатқанымызды мақтан тұтатамыз. Біз коммерциялық арбитраж негізінде әртүрлі салаларды қамтып, жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе, бұл қазіргі коронавирус жағдайында аса маңызды болып отыр, - деді Чжао Джиан. 

Оның айтуынша, олар Бейжіңнен бөлек, 3 елде жұмыс істейді. 

Бейжіңде және Австрия мен Канадада орталықтың нүктелері жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап 3 мыңға жуық істі қарадық. Оның ішінде қазақстандық қатысушылар да бар. Сомасы 18 млрд доллардың ісін қарадық.Қазір мыңдаған арбитр бізге көмек көрсетеді. Онлайн өндірісті де іске қостық, қазір қажетінше қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейінгі онлайн отырыста ТМД елдеріндегі венчурлық нарықтың 2019 жылғы қорытындылары талқыланған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...