Бас жаңалықтар
96 жастағы зейнеткер жүгіруден әлем рекордын жаңартты
19 Шілде 2019, 21:34 259

96 жастағы зейнеткер жүгіруден әлем рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Вирджиния штатының тумасы 42 минут 30 секундта бес мың шақырымға жүгірді. Бұл туралы Runner's World журналы жазады.

Ол 95-99 жас категориясында әлем рекордын жаңартты.

11 шілдеде Айова штатының Эймс қаласында 96 жастағы Рой Энглерт бұрынғы рекордсмен Фрэнк Левинді шамамен 8 минутқа озып, жаңа рекорд көрсетті. Ройдың алдындағы рекордсмен осы қашықтықты 50 минут 11 секундта жүгірген болатын.

Бұған дейін америкалық азамат 800 метр, 1,5 мың және 3 мың метр қашықтықта өзінің жас категориясында жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан болатын.

Энглерт чемпион болу көп еңбекті талап ететінін айтты. Жаттығу кезінде ол үш мыңнан бес мың шақырымға дейін жүгіреді. Жарысқа бірнеше күн қалғанда физикалық жүктемені күшейтіп, жүгіру қарқынын жіті қадағалайды.

Зейнеткер өзін баяу жүгіремін деп есептейді.

«Мен көп нәрсені көрдім. Қасымда қарсыластарым жоқтың қасы болғандықтан маған жеңу оңай болып тұр», - деді рекордсмен.


Сізден жаңалық