95 жастағы соғыс ардагері президент сайлауында дауыс берді

9 Маусым 2019, 17:50
2305
Бөлісу:
95 жастағы соғыс ардагері президент сайлауында дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысының ардагері «Алматы» ауданында тұрады. Бұл туралы елордалық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда ақсақалдың 95 жылдық мерейтойымен елорда әкімі Бақыт Сұлтанов құттықтап, ардагерге пәтер кілтін табыс еткен болатын.

9 маусым күні Қазис аға дауыс беріп, ел азаматтарының Қазақстан президенті сайлауына қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Сендер Отанымыздың болашағын таңдайсыңдар және біздің еліміздің тарихына үлес қосасыңдар", - деп атап өтті соғыс ардагері.

Қазис Жолдыбаев 1924 жылы 16 мамырда Ақмола облысында дүниеге келген.

1942 жылы Кеңес әскеріне шақырылып, 1943 жылдан бастап Забайкал фронты 298 атқыштар дивизиясында соғысқа қатысты. 

II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы