95 елді мекен жарықсыз қалды. Шөкеев Түркістанда болған жағдай туралы айтты

18 Мамыр 2021, 10:20
1542
Бөлісу:
95 елді мекен жарықсыз қалды. Шөкеев Түркістанда болған жағдай туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Биылғы 13-14 наурызда облыста өте сирек кездесетін табиғи құбылыс болды. Нөсерлі жаңбыр жауып, артынша аяз болды. Оның салдарынан электр желілеріне диаметрі 5-6 см мұз қатты. Кейіннен жел тұрды. Ол темір-бетон бағаналарын құлатты. Жалпы облыста 5 491 бағана құлады. Бұл облыстағы бағаналардың 20 пайызы болатын. 95 елді мекен, 35 мың абонент жарықсыз қалды. Тез арада біз жедел штаб құрдық, - деді ол.

Шөкеев оқиғаны жою үшін 91 бригада мен техника жұмылдырылғанын айтты.

17 сәуір күні қайта қалпына келтіру шаралары толығымен аяқталды. Келесі маусымда көмір мен дизель отыны қамтамасыз етіледі. Жалпы 2021-2022 жылғы жылыту маусымына дайындықты назарда ұстаймыз,- деді ол.

Осыған дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстың алдағы жылыту маусымына дайындығы туралы айтып берген еді.

Өзгелердің жаңалығы