92 жасында билікке қайта оралған президенттер бар – Нұрсұлтан Назарбаев

12 Қараша 2019, 13:00
4568
Бөлісу:
92 жасында билікке қайта оралған президенттер бар – Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі билік транзитіне қатысты пікір білдірді.

Билік транзиті туралы мәселе соңғы кездері  ең көп қойылатын сұрақ. Негізі менің  мандатым 2020 жылдың соңында аяқталады. Алайда осындай шешім қабылдадым. Осындай танымалдығымның шыңына жеткен тұста президент қызметінен кетіп қалдым. 2015 жылғы сайлауда мен 96 % дауыс жинадым. Менің кеткенімді халықтың қаламағанын да жақсы білемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
Ол өз еркімен билікті тастап кеткен әлемдік көшбасшылардың бірнешеуін мысалға келтірді.
Бұл соншалықты таңғалатын жағдай емес. Шарль де Голль (Францияның бұрынғы президенті) Ли Куан Ю мырзада (Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі) өз еркімен отставкаға кеткендер қатарында. Тек Махатхир Мохамад (Малайзия премьер-министрі) - 92  жасында қайтып оралды. Мен Кеңес Одағы кезінен бастап Қазақстанның басшылығында болдым. Әсіресе, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдар қиын жылдар болды, - деді Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО мен Еуропалық Одақ арасында диалогтың жоқтығына алаңдаушылығын білдіргені туралы осыған дейін жазғанбыз. Назарбаев әлемдік державалар арасындағы бәсекелестік жаңа деңгейге шыққанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы