90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмонияны жеңіп шықты

14 Тамыз 2020, 12:52
1009
Бөлісу:
90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмонияны жеңіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы "Мейірім" провизорлық орталығында ем қабылдаған 90 жастағы Қарсыбаева Күлсара әжеміз пневмониядан 25 күнде жазылып шықты, деп хабарлады медициналық орталық мамандары.

Күлсара апаның алғашында тыныс алуы қиындап, инфекциялық ауыруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді Дәрігерлердің тексеруінен кейін өкпесінің екі жақты 70 % зақымданғаны анықталып, пневмония диагнозы қойылды.
Жансақтау бөлімінде 3 күн емделген соң, "Мейірім" провизорлық орталығына өз қалауымен ауыстырылды. Түскен кездегі науқастың жағдайы ауыр болатын.Сатурациясы 75 % төмендеген.Дәрігерлердің дер кезінде емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіп, дұрыс жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде, 25 күннің ішінде Күлсара Қарсыбаеваның денсаулығы жақсара түсті. Денсаулық жағдайының ауырлығына және қосымша созылмалы ауруларына (созылмалы холецистит, панкреатит, артериялық гипертензия) карамай, апамыз аурумен күресіп, жеңіп шыкты. Дәрігерлер апамыздың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты. Толықтай сауыққан 90 жастағы Күлсара апамыз, "Мейірім" провизорлық орталығы дәрігерлеріне ақ батасын беріп, бүгін клиникадан отбасына оралды, - деп хабарлады орталық мамандары.

Өз қуанышын жасыра алмаған әжеміз атына заты сай "Мейірім" провизорлық орталығындағы бас дәрігері Ниязкұлов Абдирахмат Абдукадирұлына, бөлім меңгерушісі Еримбетова Лаура Сапарғалиқызына, дәрігерлер,Жумагул Гулайым Алимбаевна , Ағабекова Гулжан Орынбасарқызы, Туктибаева Сауле Ақтілеуқызы, Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлы, Андабаева Эльмира Бахытбекқызына және тағы да басқа медициналық қызметкерлерге шексіз алғысын білдірді.

"Мейірім" провизорлық орталығының қолы шипалы,ақ халатты абзал жанды, мейірімді қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, дендеріне саулық тіледі.
Мұндай жаста ауыруды жеңіп шығу,ерекше жағдай.Орталық қызметкерлері Күлсара Қарсыбаева әжемізге жүз жасаңыз деген тілектерін айтты.



Өзгелердің жаңалығы