9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

9 Сәуір 2019, 08:15
1771
Бөлісу:
9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін кей облыста жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстік аумағынан атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің басқа аудандарында жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерінде тұман, оңтүстікте желдің күшеюі, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с болады.

Жамбыл облысында күндіз кей жерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында таңертең және күндіз жел жылдамдығы 20-25 м/с болады. 

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Казақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы