Бас жаңалықтар
 9 қазаннан бастап Мальдив аралдарына рейстер қайта жанданады
10 Қыркүйек 2021, 15:08 134

9 қазаннан бастап Мальдив аралдарына рейстер қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдан Малеге тікелей тұрақты рейстер қайта орындалады. 

Air Astanа әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері 2021 жылдың 9 қазанынан бастап Airbus 321LR және Boeing 767 лайнерлерінде орындалады.

Билеттердің бағасы эконом - класста екі жаққа, әуежай, жанармай және басқа да салықтарды қосқанда, 289 500 теңгеден басталады, ал бизнес-класста - 881 500 теңгеден.

Естеріңізге сала кетейік, Мальдив Республикасына кіру үшін барлық жолаушыға, вакцинацияданда өткендерге де, ағылшын тілінде теріс нәтижесі бар ПТР тестінің анықтамасы қажет. Сондай-ақ ұшып кетерден бір күн бұрын денсаулығы туралы медициналық анықтама толтыру қажет. Виза әуежайға келген кезде тегін беріледі. Қазақстанға кіру үшін жолаушылардың барлығы, вакцинацияның толық курсынан өткендерді қоспағанда, теріс нәтижесі бар ПТР сертификаты болуы керек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...