9 айда 341 854 бала дүниеге келген

20 Қараша 2021, 16:27
950
Бөлісу:
9 айда 341 854 бала дүниеге келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық бала құқықтарын қорғау күні.

Денсаулықты сақтау құқығы негізгі құқықтардың бірі болып табылады. Балалардың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады, ол «Салауатты ұлт «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында көрініс тапқан. Біздің елде бала туудың оң динамикасы байқалады. Осылайша, жедел деректерге сәйкес республикада 2021 жылдың 9 айында 341 854 бала дүниеге келді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде туылғанға қарағанда 21 552 балаға көп.

Мемлекет балалардың денсаулық жағдайын жақсарту және сәби өлімін азайту үшін жүйелі шаралар қабылдауда.

Аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін профилактикалық тексерулермен 3,2 млн бала қамтылды.

Ерте жастағы балаларды күту мәселелері бойынша кеңес беру үшін 600-ден астам баланы дамыту кабинеттері ұйымдастырылды.

Алдын алу үшін ерте скрининг жүргізіледі: жүктілік кезінде құрсақішілік ұрықтың пренатальды скринингі, туа біткен гипотиреозды және фенилкетонурияны анықтау үшін неонатальды скрининг жүргізіледі.

Жаңа туған нәрестелердегі ретинопатияны анықтау үшін офтальмологиялық скрининг, аудиологиялық скрининг және ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингі енгізілді. 17 жасқа дейінгі балаларды жыл сайын профилактикалық тексеру жүргізіледі.

ДДҰ ұсынған тиімді перинаталдық технологияларды, реанимацияның заманауи әдістерін іске асырудың арқасында шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80% - ға дейін артты. Жаңа технологиялар мен заманауи диагностикалық және емдік аппаратураларды, өкпе тінінің жетілуіне арналған дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды емдеу әдістері енгізілді.

ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында республикада тиімді перинаталдық технологиялар, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу және халықаралық ұсынымдар бойынша ерте жастағы балаларға патронаждық қараудың әмбебап-прогрессивтік моделі қолданылады.

Өзгелердің жаңалығы