85 мың қазақстандық жаңа баспанаға қол жеткізе алады

26 Қазан 2020, 20:06
1803
Бөлісу:
85 мың қазақстандық жаңа баспанаға қол жеткізе алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың  9 айының қорытындысы бойынша 9,6 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 109%-ды құрайды.

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазақстан бойынша барлығы 85 418 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 30 760 жеке үй, 54 658 пәтер.

Баспана құрылысы саласына инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,2% өсіп, 1 256 млрд құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі 14 өңірде байқалады: ол Жамбыл (109,5%), Солтүстік Қазақстан (112,9%), Қостанай (107,9%), Шығыс Қазақстан (108,1%), Алматы (107,6%), Қарағанды (103,3%), Ақмола (103,4%), Батыс Қазақстан (105,7%), Ақтөбе (103,6%), Қызылорда (100,4%), Павлодар (110,6%) облыстары мен Нұр-Сұлтан (154,2%), Шымкент (111,3%), Алматы (108%) қалалары.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі республиканың 3 өңірінде байқалады: ол Атырау (71%), Түркістан (95,9%) және Маңғыстау (96,8%) облыстарында.


Өзгелердің жаңалығы