8023 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады – ОСК

9 Маусым 2019, 08:01
2009
Бөлісу:
8023 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміздің барлық аумағындағы және шет мемлекеттерде орналасқан 8023 сайлау учаскесі жұмысқа кірісті.

Кезектен тыс президент сайлауы заңға сәйкес, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:00-де басталды, енді 20:00-ге дейін жалғасады.

 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конститутциялық заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес, кезектен тыс Президент сайлауы жергілікті уақыт бойынша 07:00-де басталды.  Бізге келіп түскен ақпараттарға сәйкес, 8023 сайлау учаскесі жұмысқа кіріскен. Аталған учаскелерде сайлаушылар тізіміне енгізілген 9 627 073 адам бар. Ал  уақыт белдеуіне байланысты Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында сайлау бір сағат кейін басталады. Жалпы, еліміз бойынша 9968 сайлау учаскесі бар", - дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың 1 қаңтарындағы есебі бойынша 11 814 019 Қазақстан азаматының сайлауға дауыс беру құқығы бар.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің таратқан мәліметіне сәйкес, алғаш болып, Жапониядағы Васэда университетінің студенті Ілияс Құрманғали дауыс берген. Өйткені, Оңтүстік Корея мен Жапонияда дауыс беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 04:00-де басталды. Өйткені, бұл елдер бізден 3 сағат алда.

Президент сайлауы -2019: Үміткер 7 кандидат төмендегідей:

·         Жамбыл Ахметбеков  – "Қазақстан комунистік халық партиясы",

·         Дания Еспаева – "Ақ жол" партиясы,

·         Әміржан Қосанов – "Ұлт тағдыры" қозғалысы,

·         Төлеутай Рахымбеков – "Ауыл" партиясы,

·         Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы,

·         Қасым-Жомарт Тоқаев – "Нұр Отан" партиясы,

·         Сәді-Бек Түгел – "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы.
 

Өзгелердің жаңалығы