Бас жаңалықтар
8 тамызға арналған ауа райы болжамы
08 Тамыз 2020, 08:35 197

8 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 тамыз, сенбі күні еліміздің басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Найзағай жарқылдап, дауылды жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...