8 мыңға жуық адам ұсталды - ІІМ

10 Қаңтар 2022, 11:06
1322
Бөлісу:
8 мыңға жуық адам ұсталды - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 7939 адам ұсталды. Бұл туралы  ІІМ жедел штабы хабарлады.

 Ұлттық Ұланның және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлер жедел іс-шаралар өткізу кезінде Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған. 

Ұрланған 5 автокөлік, ұрланған тауар-материалдық заттар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы