8 маусымнан бастап Шымкент және Түркістан облысында лагерьлер ашылады

26 Мамыр 2020, 12:28
2192
Бөлісу:
8 маусымнан бастап Шымкент және Түркістан облысында лагерьлер ашылады
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында жазғы лагерьлер жұмысын қашан бастайтыны туралы айтылды. 

Дулат Жекебаевтың айтуынша, еліміздегі 12 мыңнан аса лагердің тек 65-і биыл бала қабылдайды. 
Барлық қазақстандық үшін биылғы жаз айлары өткен жылдардан ерекше. Биылғы балалардың демалысы ерекше болады. Министрлік алдында 3 бағыт бойынша міндеттер тұр. Біріншіден – лагерлер қызметін ұйымдастыру, екіншіден балаларды, оның ішінде жекелеген санаттағы балаларды жазғы іс-шаралармен қамтамасыз ету, үшіншіден – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Халықаралық тәжірибе бойынша АҚШ пен Францияда маусым айының басынан бастап жұмысқа кіріссе, Ресей бойынша 45 мың лагерьдің 33 мыңға қысқарады, Украинада биыл лагерьлер жұмыс істемейді, - дейді Бала құқықтарын қорғау комитет төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 мамырдағы қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты егер коронавирус 7 пайыздан асқан жағдайда балалар қашықтан оқытуға ауысады және оқушылардың экскурсиясына тыйым салынады деп жазылған. 
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай кезеңінде балалардың қала сыртындағы лагерьлерде жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі өңірлердің эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешілетін болады. Мұны алдын ала жергілікті орган өкілдерімен жиналыс өткізгенде айтқан болатынбыз. Жалпы республика бойынша 8 маусымнан бастап Шымкент және Түркістан облысында, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, 20 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан мен Қарағанды лагерлер ашылады деп жоспарлануда. Ал Алматы қаласы бойынша мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерге тыйым салынады. Осыған байланысты жоспарға сәйкес 12 154 лагердің, биыл 65-і яғни 9%-ы ғана жұмыс істейді. Дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Денсаулық сақтау министрлігі, яғни "СЭС" 24 лагерге бала қабылдауға рұқсат берді. Ал төтенше жағдай департаменті республика бойынша 32 лагерге оң қорытындысын берді, - деді комитет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы