Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қазан күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Батыс Қазақстан, түнде Атырау, таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.