8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

8 Қараша 2019, 08:23
1890
Бөлісу:
8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада Қазақстанның батыс және оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Тек солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында – тұман, басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы