8 адамның жағдайы ауыр - Елжан Біртанов

30 Наурыз 2020, 19:40
5469
Бөлісу:
8 адамның жағдайы ауыр - Елжан Біртанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырғадардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырған 302 адам тіркелді. Оның ішінде ең көбі - елордамызда 169 науқас бар. Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Шымкентте - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам тіркеліп отыр, - дейді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі екі бала бар. 
Басқа мемлекеттен ауру жұқтырып келгендердің саны - 79, ал осында жұқтырғандар саны -97, қалған 131 адам белгісіз себептермен ауырған. Ауырып жатқандардың арасында 8 адамның жағдайы нашар. Төртеуі жасанды жолмен тыныс алып жатыр. Сонымен қатар, 30 адамның жағдайы орташа деңгейде. Ал 244 немесе науқастардың 85 пайызы жеңіл жағдайда немесе симптомсыз деуге болады. Бір адам қайтыс болды, 21 науқас жазылып шықты, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы