76 күн сыртқы әлемнен оқшауланған Ухань

8 Сәуір 2020, 04:22
1486
Бөлісу:
76 күн сыртқы әлемнен оқшауланған Ухань

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 76 күн бойы сыртқы әлемнен оқшауланған Уханьда 8 сәуірге қараған түні қаладан шығатын жолдар ашылды. Дегенмен, Қытай билігі коронавирустың таралу ошағы болған Уханьнан шығуға әлі рұқсат бермеген, деп хабарлайды РИА Новости.

23 қаңтардан бастап Хубэй провинциясының орталығы коронавирустың өршуіне байланысты іс жүзінде оқшауланған. Қаламен көлік байланысы толығымен тоқтатылған, оның ішінде метро, ​​автобустар, паромдар, су көлігі қалаға кірмейтін, әуежай және теміржол станциялары жұмыс істемейтін. Тұрғындарға ерекше қажеттілік болмаса, қалдан шығуға толықтай тыйым салынған болатын.

Уханьда 28 наурыздан бастап қалаға кіретін теміржол байланысы қалпына келтіріліп, 8 сәуірден бастап шығуға жол ашылды. Әуе қатынасы да жартылай қалпына келтірілуде.

Бұған дейін Қытай билігі Ухань тұрғындарының денсаулығы жақсы және айналасына қауіп төндірмеген жағдайда ғана қаладан шығуға рұқсат берелетінін хабарлаған.

CGTN телеарнасының хабарлауынша, бүгінде қала халқы біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Тұрғындар дәстүрлі кеспеден дәм татып, бірнеше айдан кейін сауда-саттық үшін дүкенге шыға бастаған.

Коронавирустан аман қалған көптеген қала тұрғындары ерекше қуанышты.

Менің ең үлкен тілегім – өмірден ләззат алып, одан жақсылықты көру, - деп мәлім еткен қала тұрғыны.

Ал инфекциямен күрес аймағында болған медицина қызметкері тіптен дәстүрлі тағамдарының дәмі тіл үйіретінін мойындаған.

Мен ауруханада жұмыс істедім, сондықтан екі ай бойы кеспе жеген жоқпын. Қазір дәмінің ерекше екенін сезініп отырмын. Карантин кезінде маған осы дәмнің қалай жетіспегенін білсеңіз ғой, - деп мойындады жергілікті мейірбике.


Өзгелердің жаңалығы