Бас жаңалықтар
700 жас жеті өңірге сапарлайды
13 Тамыз 2019, 00:16 205

700 жас жеті өңірге сапарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл өзені жағалауындағы «Амфитеатрда»  1700 астам белсенді жас JASTAR KERÝENI слетінің ашылуында бас қосты. 

Слетке Қазақстанның барлық аймағынан 16-29 жас аралығындағы белсенді, білімді және дарынды жастар келді.

73fdc56f-9a30-46fa-9fbf-4da1b202494b.jpg

"700 жас Қазақстанның жеті өңірі - Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына, сондай-ақ оңтүстікте Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларына барады. Сапар барысында біздің балалар еліміздің ең танымал киелі жерлерін аралайды. Жобаның әлеуметтік желілерде белгілі қызу талқыланатынына сенімдіміз. Ауқымды шара арқылы еліміздің ең үздік орындарын таныту арқылы жастарды қызықтыра аламыз", - деді "Қазақстан Жастар Конгресінің" атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

13 тамызда қатысушылар бренд-амбассадорлармен бірге өңірлердің мәдени-тарихи мұрасымен танысу үшін жеті бағытқа сапар шегеді. Саяхат барысында жастар Қазақстан тарихымен жақын танысып, Шарын каньоны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Бурабай сияқты туристік орындарды тамашалайды. Болысовтың сөзінше жоба соңында қатысушылар ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтап, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстарын береді.

4d32bd52-c77d-4d82-97d9-9228bf820ff6.jpg
Ол жобаның жалпы құны 203 млн теңге екенін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе 
"Азаматтық бастамалар орталығы" КЕ АҚ мемлекеттік грант екенін айтты. 

Жобаға жолдама алған қатысушылар елордаға дейін өз қаражаттарына жетіп, ал қалған шығындар  ұйымдастырушыларыдң қалтасынан төленеді. Саяхат кезінде қатысушыларды полиция қызметкерлері алып жүретінін айтты.

4c984b5e-3a73-4fbc-bb3a-0b737b935652.jpg

"Әр он адамға бір волонтер жауап береді. Бұдан басқа, бізде "Қазақстан Жастар конгресінің" штаттық қызметкерлері әр бпғытқа жауап береді. Облыстардағы үйлестірушілер, әкімдіктер өкілдері де қатысады. Ең бастысы сапар кезінде полиция департаментінің өкілдері бірге жүреді", - деді Болысов.

JASTAR KERÝENI жобасының басты мақсаты – Қазақстан жастарының бірлестігі мен ішкі туризмді дамыту идеологиясы, өз Отанын сүю. Жобаға қатысуға 1500 астам жас өтініш қалдырды. Оның ішінен 680 қатысушы арнайы комиссия мүшелерімен таңдалынып, жобаға қабылданды.



Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Сізден жаңалық