Бас жаңалықтар
Алматының сауда орталығында педофил 7 жасар қызды зорламақ болды
24 Мамыр 2019, 11:50 642

Алматының сауда орталығында педофил 7 жасар қызды зорламақ болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүлдіршінді сауда орталығының дәретханасындағы көрші кабинкада болған әйел адам құтқарып қалды. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Куәгер әйелдің осы оқиға туралы баяндаған хабарламасы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. 

"Маньяк дәретхана ішінде күтіп отырған. Қыз дәретханаға кіргенде анасы сыртта күткен. Ер адам кірген қызды ұстап алып, кабинкаға кіргізеді. Сол жерде қызға анайы бейнежазба көрсетеді. Көрші кабинкада болған әйел сол дыбысты естіп, күзет пен полиция шақырды. Әлгі адам қыз баланы зорламақ болған", - делінген куәгердің хабарламасында

Алматының полиция департаменті бұл деректі растады. 

"Кәмелетке толмаған қыз балаға қарсы қылмыс жасады деген күдікті ҚР ҚК 128-бабы бойынша қамауға алынды. Ол Ақтөбе облысының 32 жастағы тумасы. Бұрын да кәмелетке толмаған балаға зорлық жасағаны үшін сотталған. Қазір күдіктінің әрекеті ҚР ҚК бірден екі бабы: 121-бап, 4-б және 124-бап, 1-б бойынша қаралуда. Тергеу ісін Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы мен қала прокуратурасының бақылауында", - деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық