7 тамызда коронавирус белгілері бар пневмониядан 18 адам қайтыс болды

7 Тамыз 2020, 09:02
1927
Бөлісу:
7 тамызда коронавирус белгілері бар пневмониядан 18 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 7 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты таратты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 053 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 жасөспірім бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар, ДСМ баспасөз қызметі 7 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққандар бойынша ақпаратты таратты.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді. 

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 11008, 120 өлім жағдайы тіркелді, - делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмоствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

Өзгелердің жаңалығы