Бас жаңалықтар
7 сәуірде 163 129 адам бірыңғай жиынтық төлем төледі
07 Сәуiр 2020, 16:26 297

7 сәуірде 163 129 адам бірыңғай жиынтық төлем төледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны "Қазпошта" арқылы алу жайында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте айтып берді. 

Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасымен табыссыз қалған азаматтарға ай сайын 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек аударыла бастады. Осыған байланысты барлық пошта бөлімшелерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде экспресс карталар мен ағымдағы шоттарды ашылды. 

Бірыңғай жиынтық төлем бойынша  төлемдерін қабылдап жатырмыз. Ұлттық банктің түсіндірулерінен кейін осы жәрдемақыны алу үшін арнайы шот ашудың қажеті жоқ. Бұл жәрдемақыны банктер, салық органдары, сот атқарушыларының алуға құқықтары жоқ. Кез келген банктің немесе "Қазпоштаның" әдеттегі казшоттарын пайдалануға болады, - деді брифинг спикері. 

Сонымен қатар, Сәкен Сәрсенов Ұлттық пошта операторының басшысы ретінде барлық клиентке ешкім олардың жәрдемақы қаражатын ұстауға құқылы емес екендігін атап өтті. 

42500 теңге көлеміндегі төлемнің аясында соңғы алты күнде  237 мың клиентке қызмет көрсеткен. 7 сәуірдің өзінде түске дейін 126 204 шот ашылып, 163 129 адам бірыңғай жиынтық төлемді төлеген. Бірыңғай жиынтық төлем онлайн төлеу мүмкіндігі туралы нұсқаулар "Қазпоштаның" әлеуметтік желілердегі парақшаларында және біздің сайтта орналастырылған. Сізге ыңғайлы болу үшін біз қазіргі уақытта post.kz са"тында шотты онлайн ашу, виртуалды карта ашу қызметің іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, - деді "Қазпошта" төрағасы.
Айта кетейік, пошта қызметкерлері уақытша көлік қозғалысының шектелуіне байланысты барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақыларын үйлеріне жеткізіп жатыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...